Қызылорда қаласының көпсалалы облыстық ауруханасында симуляциялық оқу орталығы ашылды
Көпбейінді облыстық аурухананың симуляциялық - оқу орталығы 2019 жылдың 6 ақпанынан бастап медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен дағдыларын шыңдау үшін жұмыс істейді.
Орталықта дәрігер Жұмабаев Ғабит Тенелұлы, реаниматор дәрігері, арнайы дайындықтан өткен симуляциялық дағдылар жөніндегі нұсқаушы және жоғары санатты медбике Сеилова Сандигуль, халықаралық стандарт бойынша біліктілікті арттырудан өткен мамандар жұмыс жысайды.
Симуляциялық орталық муляждармен, тренажерлермен және заманауи ақпараттық базасы бар компьютерлік симуляторлармен жабдықталған, бұл клиникалық жағдайды толық көлемде сәйкестендіруге мүмкіндік береді, нақты жағдайға барынша жақын, әрбір білім алушының және жалпы команданың іс-қимыл алгоритмін пысықтайды.
Шұғыл жағдайларда: базалық және кеңейтілген жүрек – өкпе реанимациясы (АЖЖ), анафилактикалық шок, жарақаттар, акушерлік патологиялар кезінде шұғыл көмек көрсету, кеңірдектің интубациясын жүргізу, инфузиялық терапия үшін перифериялық көктамырларды катетеризациялау бойынша медициналық қызметкерлермен сабақтар жүргізіледі.
Сонымен қатар мейірбикелік технологиялар бойынша оқыту жүргізіледі: катетерлерді күту, асқазанды дренаждау, қуықты катетеризациялау, жаңа бастаған көктамыр үшін, ЭКГ алу, пациенттердің қауіпсіздігі бойынша стандарттар және т. б.
Орталық жаңа манекендермен және фантомалармен жабдықталған, жүрек өкпе реанимациясы, кеуде қуысының жарақаты, мейірбикелік емшаралар. Сонымен қатар, дәрістік зал және қол жуу техникасын автоматизмге дейін жеткізуге арналған кабинет бар.
Сабақ күн сайын жоспар бойынша өткізіледі. Медициналық эргономика бойынша сабақтар өткізу жоспарлануда.
Болашақта дем алуға қабілетті Роботтар-симуляторларды сатып алу жоспарлануда, олардың жүрегі соғылады, бөліп шығару функциясы жұмыс істейді, олармен медициналық көмекті қажет ететін кез келген жағдай орын алуы мүмкін.
Симуляциялық орталықты ашу жас мамандарды даярлау сапасын арттырады, тәжірибие алаушы мамандардың жұмыс сапасын бақылау, пациентке зиян келтірмей оқыту, симуляциялық технологияларды пайдалану кәсіби қателіктердің санын азайтуға ықпал етеді.
Симуляция маманға тек, пациентке, сапалы көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар оны барынша толық, дәйекті және сенімді етуге мүмкіндігін береді.