​ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС НЕФРОЛОГІ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгін Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында «Созылмалы бүйрек аурулары бар науқастар» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара «Қызылорда облысының нефрологиялық қызметін дамытудың 202-2024 жылдарға арналған жол картасы аясында ұйымдастырылған. Онда аурухананың нефрология бөлімшесінің нефролог дәрігері, Қызылорда облысының штаттан тыс бас нефрологі Сандуғаш Досымахова «Созылмалы бүйрек ауруы: негізгі ережелері, анықтамасы, диагностикасы, скринингі, алдын алу және емдеу тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады. Дәріс соңында медицина ұйымдарының мамандары сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты.