​ҚАЗАҚСТАН ХИРУРГТАРЫНЫҢ IX КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Алматыда жылдың басты медициналық оқиғаларының бірі — Қазақстан хирургтарының IX конгресі өтті. Конгрес еліміздің жетекші ғылыми мекемесі — А. Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының 80 жылдығына арналды.

«Бүгінгі Конгресс шетелдік әріптестермен тәжірибе және білім алмасуға, жаһандық ғылыми және медициналық байланыстарды нығайтуға, жұртшылықты заманауи ғылыми жетістіктермен таныстыруға және өзекті мәселелерді талқылауға жаңа мүмкіндіктер ашады» деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құттықтау сөзінде.

Конгрестің ғылыми бағдарламасы Жапония, Корея, Қытай, Үндістан, Иран, БАӘ және ТМД мемлекеттерін қоса алғанда 18 елдің жетекші хирургтарын жинады. Конгреске 400-ден астам маман қатысты, оның 100-ден астамы - шетелдік сарапшылар. Ауқымды шараға, Қызылорда облысының делегациясы да қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан хирургтарының IX Конгресі қазіргі заманғы хирургияның өзекті сын-қатерлерін талқылау және ұлттық хирургиялық қызметті дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін бірлескен шешімдерді әзірлеу үшін маңызды платформаға айналды.