ПАЦИЕНТТЕР МЕКТЕБІ ӨТТІ
Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында Дүниежүзілік бүйрек күні аясында пациенттер мектебі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасында нефрологиялық қызметті жетілдіру жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Кездесу барысында нефролог мамандар бүйрек ауруларының алдын алу, ерте анықтау, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын сақтау туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Пациенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен өмір сүру ерекшеліктері туралы пайдалы кеңестер алды.
Мұндай іс-шаралар тұрғындардың денсаулық туралы сауаттылығын арттыруға және бүйрек ауруларының алдын алуға бағытталған.







