​ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Қызылорда қаласы Н. Назарбаев даңғылы №65 мекенжайда орналасқан Көпбейінді облыстық аурухана нысанында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

Мақсаты — емдеу-сауықтыру орындарында шартты өрт оқиғасы кезіндегі жеке құрамның өрт сөндіру жауынгерлік іс-қимылдарын жетілдіру. Сонымен қатар өрт сөндіру барысында өзін-өзі ұстау және қызметкерлердің қауіпсіз жерге шығу іс-қимылдарын пысықтау.

Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар департаментінен 14 негізгі және 4 арнайы автокөлік және 53 қызметкер, арнайы қызметтен 7 техника және 20 қызметкер жұмылдырылды.