Өңір медицинасына серпін: жаңа ревматология қарқынды жұмыс істеуде
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет 30 төсек-орынға арналған ревматология бөлімшесі ашылып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Бұл – өңір тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді етудегі маңызды қадам.
Жаңа бөлімше ревматологиялық ауруларды ерте анықтап, заманауи әдістермен тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артып, асқынулардың алдын алуға жол ашылады.
Аталған бастама – облыс медицинасының дамуына серпін беріп, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды жаңалық.







