​ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АУРУХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Көпбейінді облыстық ауруханада болып, бірқатар бөлімшелердің қызметімен танысты.

Аймақтың Бас дәрігері аурухананың Кеңес беру-диагностика бөлімшесін, оттегі станциясында болды.

Сонымен қатар, аурухана ғимаратында орналасқан «Diaverum» ЖШС-нің гемодиализ орталығын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Кездесу барысында көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру, заманауи жабдықтардың тиімді пайдаланылуы және пациенттерге қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.