​НАУРЫЗ – МЕЙІРІМ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келіп, Көпбейінді облыстық аурухана ұжымы жыл сайынғы дәстүрді жалғастырды.

Мереке қарсаңында әріптестер арасындағы көпбалалы, жалғызбасты және ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, азық-түлік салынған 30 сөмке таратылды.

Шараға аурухана директоры Жасұлан Баймаханов қатысып, ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Бұл мереке – жаңару мен ізгіліктің, мейірім мен бірліктің символы. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шарасы – осы құндылықтардың айқын көрінісі. Әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қамқорлық таныта білейік. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін», – деді Жасұлан Болатбекұлы.

Игі істер көп болсын!

Наурыз құтты болсын!