НӘРЕСТЕЛЕР ЖАНЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛАРЫ
Бұл күн неонатолог мамандардың жаңа туған нәрестелердің денсаулығы мен өміріндегі маңызды рөлін мойындау мақсатында белгіленген. Бұл күн ата-аналардың бастамасымен енгізілген, олардың балалары неонатологтардың кәсібилігінің арқасында аман қалды.
Көпбейінді облыстық ауруханада Жансақтау және жаңа туған нәрестелердің патологиясы бар бөлімше жұмыс істейді. Дәрігер-неонатолог Бекжанова Индира Ерболатқызы жетекшілік ететін бөлімшеде сегіз білікті дәрігерлер еңбек етеді. Матенова Гүлназ Бақытбекқызы, Ақжанова Айгүл Алтынқызы, Бакирова Айгерім Асанбекқызы, Сейілова Гүлзат Аяпбергенқызы, Талқанбаева Жазира Серікқызы, Дүзелбаева Махабат Сапарбекқызы, Кенжебаева Ақтолқын Кенжебайқызы, жоғары және бірінші санатты неонатолог-дәрігерлер.
Ашылғалы бері аталған бөлімшеде екі жүзден аса нәресте шала туылған. Тәжірибелі мамандар мерзімінен бұрын шала туған және күні жеткен нәрестелерге қарқынды ем көрсетуде. Неонатальді блокта шақалақтың өкпе тінінің жетілуіне арналған жаңа технологиялар және заманауи диагностикалық және емдеу аппараттары қондырылған.
Дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Қызметтеріне табыс, шаңырақтарына шаттық тілейміз!