МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Халықаралық мейіргерлер күніне арналған апталық аясында көпбейінді облыстық ауруханада қызметкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған шаралар ұйымдастырылды:
Психолог маманның қатысуымен кеңес беру жүргізіліп, мейіргерлерге эмоционалдық күйіп кету, шаршау және кәсіби стресс мәселелері бойынша жеке және топтық қолдау көрсетілді.
«Шай және витаминдік демалыс аймағы» ұйымдастырылып, қызметкерлерге қысқа үзіліс кезінде пайдалы сусындар мен ақпараттық материалдар ұсынылды. Бастама қызметкерлердің денсаулығын қолдауға және сергектігін арттыруға бағытталды.
Wellness-сессия аясында қысқа жаттығулар, тыныс алу тәжірибелері, созылу және йога элементтері өткізілді. Бұл белсенділік қызметкерлердің физикалық және эмоционалдық жағдайын жақсартуға ықпал етті.
Жүргізілген жұмыстар ұжымның психологиялық және физикалық жағдайын жақсартып, жұмыс тиімділігін арттыруға оң әсерін берді.







