​«МЕЙІРГЕР – БҰЛ…»: ӘР ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ОЙ

Халықаралық мейіргерлер күні аясында өтіп жатқан апталық барысында көпбейінді облыстық ауруханада «Мейіргер – бұл…» жобасы жүзеге асырылды.

Жоба аясында мейіргер мамандығының мәнін кеңінен ашу мақсатында ашық форматта бейнежазба түсірілді. Онда аурухана қызметкерлері, пациенттер, қала тұрғындары мен түрлі сала өкілдері, сондай-ақ студенттер өз пікірлерін білдіріп, «мейіргер» ұғымына деген көзқарастарымен бөлісті.

Әрбір айтылған ой – мейірім мен жанашырлыққа толы мамандықтың қоғамдағы ерекше орнын айқындай түсті. Бұл жоба мейіргерлердің еңбегіне деген құрметті арттырып, олардың адам өміріндегі маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.

#kzoМейіргерKZ #NursePrideKZ #МейіргерKZ #NurseKZ