МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
1 қазан – халықаралық Қарттар күні
Барша қазыналы қарияларымызды мейірім мен ізгілік мерекесі қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ардақты ардагерлер! Сіздер ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келесіздер. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды біз сіздерден үйреніп келеміз.
Бұл күні қарттарымызға құрмет көрсетіп, жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіреміз. Қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет игі дәстүріміз жалғасын таба берсін.
Қымбатты, аға ұрпақ ардагерлеріміз, сіздердің толайым еңбектеріңіздің, бай тәжірибелеріңіздің, дарқан даналықтарыңыздың алдында басымызды иеміз.
Сіздерге, зор денсаулық, берекелі ұзақ ғұмыр тілейміз, айналаңыздағы жаны жомарт жандардың ықылас-ниетіне бөленіп әрқашан арамызда жүре беріңіздер!
Ізгі ниетпен: Көпбейінді аурухана ұжымы