​«МЕН – МЕЙІРГЕРМІН» ФОТОЗОНАСЫ

Көпбейінді облыстық ауруханада Халықаралық мейіргерлер күні аясында ұйымдастырылған апталық барысында «Мен – мейіргермін» фотозонасы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мейіргер мамандығының маңыздылығын дәріптеу, олардың күнделікті еңбегіне құрмет көрсету және ұжым арасында жағымды атмосфера қалыптастыру болды.

Фотозонаға қатысқан мейіргерлер өз мамандықтарына деген мақтаныштарын білдіріп, естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мейіргер – бұл тек мамандық емес, бұл – мейірім мен жанашырлықтың, жауапкершілік пен кәсібиліктің айқын көрінісі.

#kzoМейіргерKZ #NursePrideKZ #МейіргерKZ #NurseKZ