​МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Бүгін Көпбейінді облыстық ауруханада Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Онда аурухананың Құрметті директоры Тұрғанбай Маханұлы мен директор Жасұлан Болатбекұлы ұжымды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Белсенді еңбегі үшін бір топ қызметкерлерге марапат табысталды