Медицина мамандарына арналған пайдалы дәріс өтті
Бүгін «Көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК мәжіліс залында «Кардиометаболикалық синдром» тақырыбында Zoom платформасы арқылы дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты – қанайналым жүйесі аурулары кезінде медициналық көмекті жетілдіру және мамандардың біліктілігін арттыру.
Дәріске:
— «University Medical Center» Корпоративтік қоры Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс кардиологы Махаббат Сансызбаева онлайн режимде қатысты;
— Басқарманың штаттан тыс бас кардиологы Әлия Жиенбайқызы Мырзабаеваның төрағалығымен өткізілді.
Дәріс барысында кардиометаболикалық синдромның алдын алу, диагностикасы мен емдеу тәсілдері талқыланып, мамандар өзара тәжірибе алмасты.







