МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ

14 қараша — Эндокринолог күні және Дүниежүзілік қант диабетімен күресу күні. Қант диабеті эндокриндік жүйемен байланысты ауру болғандықтан эндокринолог мамандар осы ауру түрін диагностикалау мен емдеумен айналысады. Көпбейінді облыстық ауруханада бұл бағытта еңбек ететін бір топ білікті дәрігерлер бар. Терапия №1 бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер эндокринолог Цхай Елена Павловна, эндокринолог дәрігері Бодықова Меруерт Серікқызы және Паллиативтік көмек бөлімшесінің эндокринолог дәрігері Туртанова Алтынай Алшынбайқызы.

Қашанда өз ісінің шебері ретінде елдің алғысына бөленіп жүрген әріптестерімізді бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, қызметтеріңіз сәттілік тілейміз!