КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АҚЫЛЫ БӨЛІМШЕСІ
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында көпбейінді облыстық аурухана бөлімшелер қызметі мен дәрігерлер және медицина мамандарының кәсіби еңбегі туралы ақпаратты "МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ" айдарымен назарларыңызға ұсынады.
КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АҚЫЛЫ БӨЛІМШЕСІ
Бөлімше меңгерушісі – Уразова Гульнара Арисбекқызы, жоғары санатты дәрігер.
Ақылы бөлімше 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап 25 төсек орынмен жұмысын бастады. Бөлімше 3 VIP палата, сондай-ақ бір, екі және үш орындық заманауи үлгідегі палаталармен жабдықталған. Барлық палаталар қажетті медициналық және тұрмыстық техникалармен, тоңазытқыштармен, кондиционерлермен және жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілген.
Бөлімше меңгерушісі Г.А. Уразова және дәрігер Қ.Қ. Жубаниязова – көпжылдық тәжірибесі бар жоғары санатты білікті мамандар. Сонымен қатар бөлімшеде тәжірибелі, жоғары санатты орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқарады.
Мұнда кардиология, пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, неврология, эндокринология және басқа да бағыттар бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп, консультативтік қызметтер жүргізіледі.
Қазіргі таңда бөлімшеде:
2 дәрігер
8 мейіргер
7 кіші буын медицина қызметкері еңбек етеді.
Науқастар зертханалық және аспаптық зерттеулердің кең ауқымынан өте алады. Атап айтқанда:
ультрадыбыстық зерттеу
ультрадыбыстық доплерография
контрастты және контрастсыз КТ, МРТ
рентгенологиялық зерттеулер
ФГДС
ФБС
Сондай-ақ пациенттер бейінді мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие.
Әрбір медициналық қызмет – адам өмірі мен денсаулығы үшін жасалған жауапты қадам. Біздің мақсат – сапалы ем, сенімді күтім және әр науқасқа үміт сыйлау.
Көпбейінді облыстық аурухана ұжымы барлық әріптестерін алда келе жатқан Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Әрқашан ел алғысына бөлене берсіңіздер!







