КЕҢЕЙТІЛГЕН МЕЙІРГЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Аймағымызға іс-сапармен келген м.ғ.к., доцент, Еуропадағы Медициналық білім беру қауымдастығы мүшесі, Мейіргерлік іс мектебінің деканы Зәуре Байгожина, PhD, доцент, С.Д.Асфендияров атындағы «ҚазҰМУ» КЕАҚ ғылыми-технологиялық паркінің Дата-орталығының басшысы Дариға Смаилова, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2-курс докторанты, Семей медицина университеті КеАҚ мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Меруерт Болатова және Қызылорда медициналық жоғары колледжі директоры, PhD, Жанар Қалмақова Көпбейінді облыстық ауруханада болды.
Қонақтар қабылдау бөлімі, реабилитация-1, физиотерапия, диабет кабинеті және акушерлік бөлімдерін аралап, кеңейтілген мейргерлік тәжірибенің қолданысын көріп, мейіргерлердің кәсіби қызметіне жоғары баға берді. Кездесу барысында мейіргерлік істі дамыту мақсатында кеңейтілген мейіргерлік тәжірибені арттыру, заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Осындай кәсіби кездесулер тәжірибе алмасуға, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруға және мейіргерлік қызметтің рөлін нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.







