КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Көпбейінді облыстық ауруханада Госпитальдық фармация бөлімшесі бар. Ауруханадағы ем алушыларды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін бұл бөлімшеге дәрігер Клиникалық фармаколог Кальманова Айман Баймұханқызы жетекшілік етеді.
Фармаколог аймақта жетіспейтін мамандықтың бірі. Ол дәрі-дәрмектердің тірі организмдерге әсерін зерттейтін және жаңа дәрі-дәрмектерді ұсынып, сондай-ақ бұрыннан бар дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен тиімділігін бақылайтын ғылыми маман.
Айман Баймұханқызы білікті фармацевтермен және дәрігерлермен бірге дәрілердің үйлесімділігі мен жанама әсерлерін талдайды. Жаңа препараттарға зерттеулер жүргізіп, емдеу режимдерін оңтайландыруға тікелей қатысады.Бөлімшеде 9 фармацевт қызмет етуде. Олар дәрігер тағайындаған емдеу процесін қамтамасыз етеді, фармацевтикалық көмектің уақытылы және сапалы жетуіне жауап береді.
Фармацевт мамандардың басты мақсаты — халық денсаулығын сақтау және өмір сапасын жақсарту. Олардың кәсібилігі, білімі және күнделікті адал жұмысы — адам денсаулығының кепілі.
Құрметті әріптестер,
Кальманова Айман Баймұханқызы.
Дәріхана меңгерушісі — Сейтназарова Маншук Айтхожақызы,
Аға фармацевт Қозбағарова Индира Қуанышқызы,
Фармацевтер:
Әбжапбарова Сандуғаш Әлтікәрімқызы,
Сматова Айнұр Дінисламқызы,
Әлкеева Бахыт Ахматбекқызы,
Қазбекова Айгерім Болатқызы,
Исаева Динара Ерденқызы,
Абенова Айгүл Садуқызы,
Нысанбаева Дана Молдабайқызы
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық пен қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!!!







