КӘСІБИ МАМАНДАР МЕРЕКЕСІ

2-қазан Дүниежүзілік уролог күні

Урология — адамның зәр шығару және жыныс жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеумен айналысады. Урологтардың рөлі көптеген ауруларды сәтті емдеуде өте маңызды. Көпбейінді облыстық ауруханада «Урология» бөлімшесі бар. 25 төсек орынды бөлімшеде білікті медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Жыл басынан бері 9 айда аталған бөлімшеде 804 науқас ем алды. Біздің алтын қолды уролог дәрігерлеріміз олардың 691-іне ота жасады. Науқастар толық ем алып, үйлеріне шығарылды.

«Урология» бөлімшесінің меңгерушісі Валишаев Исмуакмат Жаркенұлы бастаған барлық уролог дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Отбасыларына бақ-береке, қызметтеріне табыс тілейміз!