​Кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған семинар өтті

Көпбейінді облыстық ауруханада бүгін «Критикалық жағдайларды диагностикалау негіздері» тақырыбында семинар болып өтті.

Іс-шара Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Семинар барысында қатысушыларға клиникалық физиология, қышқыл-сілтілік жағдай, қан газдарын талдау және интерпретациялау, сондай-ақ зертханалық қателіктердің алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Семинар спикері – анестезиолог-реаниматолог, медицина ғылымдарының докторы Салтанат Муканова өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға анестезиолог-реаниматологтар, неонатологтар және зертханалық дәрігерлер қатысып, кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.