​Кардиологтар дәріс өткізді.

Бүгін көп бейінді облыстық ауруханада медициналық ұйымдардың кардиолог дәрігерлерінің қатысуымен "Радиожиілік абляцияларының, Крио абляцияларының және электрокардиостимуляторлардың, имплантацияланатын кардиовертер-дефибрилляторлардың және жүрек қайта синхрондау терапиясы құрылғыларының ерекшеліктері мен тиімділігі" тақырыбында дәріс өтті. Оған аймақтағы барлық емдеу мекемелерінің кардиологтар мен көп бейінді облыстық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жаныл Исақызы қатысты.

Іс-шара «ҚР қанайналым жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру» жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасын орындау мақсатында ұйымдастырылған.

Дәрісте көп бейінді облыстық ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Берік Русланұлы Даутбаев, кардиология №2 бөлімшесінің меңгерушісі Нұрболат Мылтықбайұлы Лепесов «Аритмологиядағы заманауи технологиялар, мәселелер мен шешімдер» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салды. А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО АҚ-ның рентгенохирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімінің басшысы Әділ Құдайбергенұлы Баимбетов «Радиожиілікті абляцияның ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыптарында біліктіліктерімен бөлісті. Сондай-ақ №7 қалалық клиникалық ауруханасының интервенциялық аритмологі Ергешов Қанат Алдабергенұлы «Эффективность и принципы программирования устройств ЭКС, ИКД и сердечной ресинхронизирующей терапии (CRT-P и CRT-D)» атты дәріс өтті.