КАРДИОЛОГИЯДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР: ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ ДӘРІСІ

Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында қаладағы медицина мекемелерінің дәрігерлеріне арналған маңызды дәріс өтті.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында қанайналым жүйесі аурулары бойынша медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі жол картасын іске асыру аясында, мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Дәріс тақырыптары:

▪️ « Жүрекше фибрилляциясы бар науқастарға антикоагулянттық терапияны тағайындауға жеке көзқарас»

▪️ «Жедел коронарлық синдром: заманауи диагностикалық алгоритмдер мен шкалалар, тәуекелді бағалау және ем тактикасын таңдау»

Дәріс оқығандар:

— Қызылорда облысының штаттан тыс бас кардиологы Мырзабаева Алия Жиенбаевна,

— Көпбейінді облыстық аурухананың кардиология №1 бөлімінің меңгерушісі Жунусова Гульназ Темірбековна

Іс-шара барысында заманауи клиникалық тәсілдер, тәжірибелік ұсыныстар және кардиология саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.