​"Кардиология мектебі»

Көпбейінді облыстық ауруханада «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі мамандар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көшпелі «Кардиология мектебі» жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шараға кардиологтар, терапевтер, жалпы практика дәрігерлері және функционалдық диагностика мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби білімдерін жетілдірді. Бағдарлама аясында дәрістер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, заманауи тәсілдер талқыланды.

Аталған шара өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға және мамандардың кәсіби дамуына үлкен серпін берді.