​ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Сыр өңірі медицинасында атқарылған жұмыстардың жылдық қорытындысына арналған салтанатты шара ұйымдастырды.

Аталған жиында Көпбейінді облыстық аурухананың үздік қызметкерлері де марапатталды. Марапаттарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы табыстады.

Елеулі еңбектерімен жылды жемісті қорытындылаған әріптестеріміз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Атап айтқанда, Көпбейінді облыстық аурухананың реабилитолог дәрігері Берікболова Зухра Есқалиқызы және қабылдау бөлімшесінің мейіргері Көлдеева Жанат Нұрмағанбетқызы осы жоғары марапатқа ие болды.

Сондай-ақ Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Асанбаев Нұрлыбек Болатұлы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Ал нейроинсульттік реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Әбдіқалықов Алмат Қаппарұлы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің табанды еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен салаға қосқан үлестеріңіз – көпшілікке үлгі. Алдағы уақытта да абыройлы қызметтеріңізде толағай табыстар, мықты денсаулық, қажымас қайрат пен жаңа жетістіктер тілейміз!