​ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін көпбейінді облыстық ауруханада «Кардиология мектебі» атты көшпелі семинар өтті.

Семинарды «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандары қоғамымен» облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды.

Жиында «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ медициналық директоры, балалар кардиологі Татьяна Владимировна Иванова-Разумова «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің анықтамасы, жіктелуі. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің динамикасын, ауырлығын және табиғи ағымының болжамын анықтау» және «Жүрек жеткіліксіздігін диагностикалау алгоритмі. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің дәрілік терапиясы», «Өкпе гипертензиясының анықтамасы өкпе гипертензиясының жіктелуі өкпе артериялық, веноздық және аралас гипертензия, Амбулаториялық кезеңде өкпе гипертензиясын емдеу» тақырыптарында баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Дислипидемия, диагностика, зертханалық маркерлер, емдеу. Амбулаториялық кезеңде артериялық гипертензияны емдеу. Кардиоренальды синдром, жіктелуі, диагностикасы тақырыбында да баяндама жасады.

Сондай-ақ «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» жоғары санатты дәрігер кардиологі Андосова Салтанат Әбдіжанапқызы ЭХО КГ бойынша шеберлік сағатын өткізіп әріптестерімен тәжірибесімен бөлісті.

Дәріске облыстық медицина ұйымдарының мамандары қатысып, пікір алмасты.