Жас маман – жаңа серпін
Анестезиолог-реаниматолог – шұғыл әрі жауапты сәттерде пациенттің өмірі үшін күресетін маман. Бүгін сіздерді Көпбейінді облыстық аурухананың нейроинсульттік реанимация бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері, жас маман Раушанбек Жәнібек Әбсаттарұлымен таныстырамыз.
Жәнібек Әбсаттарұлы 2020 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ-да «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Медицина» бакалавры дәрежесін алды. 2022 жылы аталған оқу орнын тәмамдап, дәрігер біліктілігін иеленді.
2025 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ-да «Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша резидентураны сәтті аяқтап, ересектер және балалар анестезиолог-реаниматолог дәрігері біліктілігін алды.
2025 жылдың тамыз айынан бастап Көпбейінді облыстық аурухананың нейроинсульттік реанимация бөлімшесінде қызмет атқарып келеді.
Әріптесімізге жауапты қызметінде кәсіби табыс, мықты денсаулық, қажыр-қайрат және абыройлы еңбегінің жемісін көре беруіне тілектеспіз. Еңбегі еленіп, пациенттердің алғысына бөлене берсін!







