ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Әріптесіміз, аурухана директорының хирургия жөніндегі орынбасары, PhD, «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Ербол Серікұлын басқа қызметке ауысуына байланысты шығарып салдық.
Аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы Ербол Серікұлына Сыр еліндегі хирургия саласының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін алғысын білдірді. Ал әріптестері жылы лебізін жеткізіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Ербол Серікұлы — білікті хирург, өз мамандығының майталманы. Еңбек жолын Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының гепатопанкреатобилиарлы хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімшесінің дәрігер ординаторы ретінде бастаған. Ол ұзақ уақыт А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының бауыр, өт жолдары және ұйқы безі хирургиясы және бауыр трансплантациясы бөлімшесінің дәрігері қызметін атқарды.
2023 жылдың қазан айынан бастап Көпбейінді облыстық аурухана директорының хирургия саласы бойынша орынбасары қызметінде жоғары жауапкершілікпен, кәсібилік танытты. Күрделі оталар жасау ісінің шебері, 12-ден астап Ғылыми – практикалық жұмыстың және бір әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.
Әріптестері, Ербол Серікұлына жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!







