Жаңа жылдық бал маскарад
Жаңа жыл қарсаңында біздің көп бейінді облыстық ауруханасындамерекелік кештер басталды.
Бүгін, 30.12.2019 ж., жаңа жылдық маскарад кеші өтті. Барлық қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жылмен көп бейінді облыстық аурухананың директоры Амитов Нұридин Егенбердіұлы құттықтады.
Орталықтың үздік қызметкерлері "Үздік бөлімше", "Үздік дәрігер", "Үздік мейіргер", "Үздік кіші буын қызметкері", "Үздік шаруашылық қызметкері" номинацияларымен марапатталды.
"Үздік бөлімше" номинациясымен – жоспарлы хирургия бөлімшесі марапатталды.
"Үздік дәрігер" номинациясымен инсульт бөлімінің ординаторы - Қалекеев Рахымжан Нұрланұлы марапатталды.
"Үздік мейіргер" номинациясымен - нефрологиялық бөлімшенің мейіргері – Каюпова Гүлнұр Сарсенбайқызы марапатталды.
"Үздік кіші буын қызметкері" номинациясымен –№2 реанимация бөлімінің кіші буын қызметкері - Алимбетова Ұлтай Өтегенқызы марапатталды.
"Үздік шаруашылық қызметкері" номинациясымен шаруашылық бөлімінің бастығы – Сыздықов Мирамбек Жұманбайұлы марапатталды.
Мереке керемет өтті. Бірақ ең басты сыйлық, көпшіліктің пікірінше, ауруханамыздың үлкен және тату ұжымы өз – өзіне керемет көңіл-күй мен ұмытылмас сәттер сыйлады.