​ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Көп бейінді облыстық аурухана директорының уақытша міндетін атқарушы болып, Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы келді.Бұған дейін А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми орталығындағы Көпсалалы хирургия бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері, «Алматы қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары қызметін атқарған.

Білікті хирург-трансплантолог.Жасұлан Болатбекұлы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің түлегі. Интернатурада сол білім ошағында өткен. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында резидентурада білім жетілдірген.

Жапонияның Нагасаки университетінен «Хирургия» (Трансплантология) мамандығы бойынша докторантураны тәмәмдаған.

«Efficacy of Multilayered Hepatocyte Sheet Transplantation for Radiation-Induced Liver Damage and Partial Hepatectomy in a Rat Model» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген.

Отбасылы.

Жасұлан Болатбекұлына жаңа қызметте сәттілік тілейміз!