ИНСУЛЬТТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ
Көпбейінді облыстық ауруханада 2024 жылы инсультқа шалдыққан 785 науқас ем алған. Ал биыл 2025 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 100 адамға артып отыр. 885 облыс тұрғыны ем қабылдаған. Тек былтырдың өзінде Қазақстанда 49 мыңға жуық адам инсульт алған. Әр бесіншісі бір айға жетпей қайтыс болады.
Сондықтан аурудың алғашқы белгілері мен инсульт жағдайында қалай көмексетуге болатынын біле жүргеніміз дұрыс. Аурухананың Қабылдау бөліміне күнсайын 50-ден астам науқас түседі. Инсульттің белгілері бар науқастарға жедел көмек маңызды.
Жадыра Алмашева, Көпбейінді облыстық аурухананың невропатолог дәрігері:
-Артериалдық қан қысымының дұрыс емделмеуінен, науқастардың мән бермеуінен. Кейбіреулер 160-190-мен жүремін деп, мақтанатын науқастар да болады. Ол организм уақыт өте келе шаршайды. Сол кезде әлсіз жерінен тамырлар жыртылып немесе жүрек ырғағының бұзылуына байланысты қанның ұйып қалуы себебі инсультке әкеліп соғады. Инсульттің салдары өте ауыр болуы мүмкін. Шұғыл көмек көрсетілмесе, адам мүгедек болып қалу немесе қайтыс болу қаупі жоғары. Сондықтан медицинада алғашқы 4 сағат алтын уақыт саналады. Осы аралықтағы жәрдем адамның өмірін сақтайды әрі толық қалпына келу мүмкіндігін арттырады. Тынығу мен күйзелістен аулақ болу да ең қарапайым, бірақ маңызды профилактика.
Бір рет инсульт алған адамда сырқат қайталануы мүмкін. Оның Альцгеймер, деменция сияқты ауруларға шалдығу қаупі де бірнеше есе артады. Сондықтан мамандар ми саулығын сақтау үшін уақытында скринингтен өтіп тұру керегін ескертеді. Ұйқы режимі мен дұрыс тамақтануға мән беру керек.







