​ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ

Көпбейінді облыстық ауруханада 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана - өмір шуағы» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында сала ардагері Тұрғанбай Маханұлы мен аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы сөз алып, ұжымдағы нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Мекеме басшысы олардың медицина саласындағы қажырлы еңбегі мен адам өмірін сақтаудағы жауапты қызметіне алғысын білдірді. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлерге облыстық мәслихат төрағасының және аурухана әкімшілігі тарапынан Алғыс хаттар табыс етті. Марапат иелеріне кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сыйлық сертификаттары берілді.

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, ән мен би кештің көркін қыздырды.