​ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХИРУРГ КҮНІ

Жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісі халықаралық хирург күні

Көпбейінді облыстық аурухананың барша хирург дәрігерлері халықты қолжетімді және сапалы хирургиялық көмекпен қамтамасыз етіп келеді. Хирургия асқан батылдықты, төзімділікті және адалдықты қажет етеді. Күн сайын біздің дәрігерлер адамдардың өміріне байланысты күрделі шешімдер қабылдап, ота жасайды.

Жыл басынан бері ауруханада

1 рет бауыр трансплантациясы

2 рет бүйрек транцплантациясы

хирургиялық 1337,

травматологиялық 931,

нейрохирургиялық 518,

кардиохирургиялық 408,

офтальмологиялық 613,

урологиялық 620,

гинекологиялық 426,

акушерлік 624

эндоваскулярлық 1720 ота жасалды.

Ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Қажырлы еңбек, біліктілік пен ұлт денсаулығын нығайтуға қосқан баға жетпес үлестеріңіз әркез елене берсін. Мерейлеріңіз үстем болсын!