​ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМІ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2023 жылғы №453 «Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалауды және қадағалануды енгізу бойынша жол картасын (іс-қимыл жоспары) бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтары негізінде «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да дәрілік заттар мен медициналық мақсатта пайдаланатын бұйымдардың дербестендірілген есебін енгізу үшін «Госпиталдық фармация бөлімі» 2023 жылдың 28 қыркүйегінен бастап өз жұмысын бастады.