​ГАСТРОЭНТЕРОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында бүгін көп бейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен конференция өтті. «Ішектің қабыну ауруы бар орташа ауырлықтағы науқастың терапиясы» тақырыбындамедицина ғылымдарыныңдокторы, М.ғ.д., профессор, Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасы бас гастроэнтерологы К.С.Қалиасқарова баяндама жасады. Ал «Қызылорда облысында ішектің қабыну ауруы бар науқастың бағыты. Науқастарға медициналық көмек көрсету. Пациенттердегі терапия мониторингі. Аймақ ішінде терапияны оңтайландыру туралы шешім қабылдау мүмкіндіктері тақырыбындаҚызылорда облысының штаттан тыс бас гастроэнтерологы М.У.Изенова өз тәжірибесімен бөлісті. Конференцияға барлық медицина ұйымдарының мамандары қатысып, әріптестер өзара пікір алмасты.