ФАРМАЦЕВТИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ ЗОР

25 қыркүйекте бүкіл әлемде Дүниежүзілік фармацевт күнін атап өтеді. Халық денсаулығын сақтау және өмір сапасын жақсартуда фармацевтика қызметкерлері еңбегі зор.

Ауруханадағы фармацевтің қызметі маңызды, бұл маман дәрігер тағайындаған емдеу процесін қамтамасыз етеді, фармацевтикалық көмектің уақтылы және сапалы болуына жауап береді. Оның кәсібилігі, білімі және күнделікті адал жұмысы-адам денсаулығының кепілі. Көпбейінді облыстық ауруханада бір топ білікті фармацевттер еңбек етеді. Олар Қозбағарова Индира Қуанышқызы, Әлкеева Бақыт Ахматбекқызы, Сматова Айнұр Дінсламқызы және Айгүл Абенова Садуқызы, Әбжапбарова Сандуғаш Әптікәрімқызы.Құрметті әріптестер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасына бақыт тілейміз!