ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АУРУХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Көпбейінді облыстық ауруханаға келіп дәрігерлермен кездесті.
Министрді ауруханамыздың Құрметті директоры Тұрғанбай Маханұлы күтіп алып, облыстық көпбейінді аурухананың алдағы мақсаттарымен таныстырды.
Мәжіліс залында дәрігерлермен болған кездесуге облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиев Еренгалиұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы, Көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы және аймақтағы медицина мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты.
Жиында Ақмарал Шәріпбайқызы аймақтағы ең ірі аурухананың жетістіктеріне ризашылығын білдіріп, ұсыныс тілектерін тыңдады.
Сонымен қатар, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарма төрағасы Құлкаева Гүлнара Өтепбергенқызы және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің басқарма төрағасы Қалиев Әсет Әскерұлы баяндама жасады. Сондай-ақ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның басқарма төрағасы Пашимов Марат Орынбасарұлы да аталған институт жетістіктерімен бөлісті.
Министр аурухана қызметіне оң бағасын беріп, сапалы медициналық қызмет көрсетуді одан әрі арттыруды тапсырды.







