Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы өзекті мәселелер
Көпбейінді облыстық ауруханасының конференция залында «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында жиын өтті.
Жиынға Облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері қатысты:
Жақсылық Жанерке Алмасқызы – департамент басшысының міндетін атқарушысы;
Сағнадинова Айжан Бақытжанқызы – бөлім басшысы;
Мұзарапова Гауһар Саматқызы – бас маман;
Бөлекбай Бибінұр Әмірханқызы – бас маман.
Кездесу барысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, саладағы талаптар мен бақылау бағыттары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.







