​ДӘРІГЕРЛЕР БІЛІМІН АРТТЫРДЫ

Бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен көп бейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында облыстық, қалалық ауруханалар мен емханалардың терапевт, кардиолог, жалпы тәжірибелі дәрігерлері «Созылмалы жүрек жетіспеушілігі» аптасы аясында семинарға шақырылды. Оған аймақтағы барлық емдеу мекемелерінің мамандары қатысты.

Семинарда Қызылорда облысы штаттан тыс бас кардиологы, Созылмалы жүрек жетіспеушілігі координаторы Алия Жиенбайқызы Мырзабаева «Созылмалы жүрек жетіспеушілігі жаңартылған протоколы. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар пациеттердің өзекті мәселелері. Емдеу тактикасы. LVAD қондырғысы бар пациеттердің ерекшеліктері. Күтімі. Қауіпсіздігі» жөнінде және «Перипартальды кардиомиопатия. Пайда болу себебі. Диагностикасындағы ерекшеліктер. Емі» тақырыптарында лекция оқыды.

Семинар соңында медицина ұйымдарының мамандары сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты.