​ДӘРІГЕРЛЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

11-27 қыркуйек аралығында Көпбейінді облыстық ауруханада «Акушериядағы және гинекологиядағы шұғыл жағдайлар» тақырыбында біліктілік арттыру бойынша көшпелі семинар өтуде.

Семинарда Қазақ Медициналық Университеті, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің кафедра доценты, м.ғ.к. Ж.К.Наханова дәріс беріп жатыр.

Семинарға көпбейінді облыстық аурухана дәрігерлері қатысуда.

Семинар мақсатты — мамандардың біліктілігін арттыру, ана пен бала өлімінің алдын алу. Жиында мамандар сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасуда. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинар 27 қыркүйекке дейін жалғасады.