​БІР КҮНДЕ ЕКІ НАУҚАСҚА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Қызылорда облыстық Көпбейінді облыстық ауруханада бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды.

Бірінші науқас 1979 ж. туған әйел кісі. Оған 1976 жылғы туған ағасы донор болды.

Екінші трансплантация 1978 жылы туған ер адамға жасалды. Науқасқа егізінің сыңары, ағасы донор болып бүйрек трансплантациясы жасалды.

Отаны «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, “Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология” бөлімшесінің меңгерушісі Мададов Ислам Курбанұлы жетекшілік еткен трансплантологтар командасымен бірге,

Көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD, Ербол Серікұлы жасады.

Ота сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықта тиесілі ем қабылдап жатыр.

Айта кету керек биыл ауруханада 1 рет бауыр ауыстыру отасы жасалса, өткен жылы бүйрекке 6 трансплантация жасалды.