БІЛІКТІ МАМАНДАР ОРДАСЫ
16 қазан - Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні
Көпбейінді облыстық ауруханада ең күрделі және жауапты медициналық мамандықтардың бірі анестезиологтар-реаниматологтар да жемісті еңбек етуде.
Пациенттерінің өмірі мен денсаулығы үшін үлкен жауапкершілікті арқалайтын әрбір дерігердің жұмысы ауыр. Алайда, «анестезиология және реанимация» мамандығы – барлық басқа медициналық мамандықтардың ішінде: бұл дәрігерлерге өте үлкен жүктеме жүктеледі, өйткені олардың жұмысы өмір мен өлімнің алдында тұрған пациенттерге көмек көрсетумен байланысты.
Көпбейінді облыстық ауруханада да анестезиология және реаниматология қызметі пациенттерге емдік көмек көрсетуде жетекші орын алады. Бөлімше қызметкерлері тәулік бойы ауыр және аса ауыр халдегі пациенттерге қарқынды терапия мен реанимациялық шараларды жүзеге асырады, операциялық кезеңде, яғни операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олардың басты міндеті — адамды өмірге қайтаруға немесе ағзаның өмірлік функцияларын сақтауға бағытталған.
Аурухананың Ота жасау бөлімшесінің меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Исаева Алия Варленовна.
Реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері Құлмағанбетов Ертөре Ерғалиұлы, Анестезиология-реанимация бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері: Дүйсен Ғабит Тілеубергенұлы, Атакаев Абдусамат Құрбанбекұлы, Ауезов Асылбек Жаңабекұлы және Баймаханов Айтөре Бауыржанұлы, Ғаниев Арайбек Мұратбекұлы, Әбдібахиев Мақсат Құттыбалаұлы, Жаханов Жанарыс Жанатбекұлы
Жұмабеков Бек Төребекұлы, Қожахметов Жұмағали Батталұлы,
Коразов Бейбіт Бижанұлы, Нурмушева Маржан Нұрлыбекқызы, Рсаев Бакытжан Дюсеханұлы, Сапарбек Нұргүл Сапарбекқызы, Сұлтан Бағлан Бағдатұлы, Хожбанова Лаура Сатыбалдықызы белсенді еңбек етіп жүр.
Ал Нейроинсульттік реанимация бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері: Әбдіқалық Алмат Қаппарұлы, Баймұратов Еркебұлан Амирұлы,
Балтабекова Алия Игілікқызы, Жүсіпов Ертай Қызылбайұлы, Қалдыбаев Алмат Талғатұлы халыққа адал қызмет көрсетуде.
Кардиореанимация бөлімшесінде Аяпов Еркеғали Молдағалиұлы, Асқаров Жасұлан Сейтқасымұлы, Кожеков Әділет Нұрланұлы, Иманбаев Марат Ибрагимұлы, Оразбеков Нұрлан Сәулебекұлы есімді білікті анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер еңбек етуде.
Сондай-ақ Нейроинсульт бөлімшесінің қарқынды емдеу палатасында Оспанов Бауыржан Ысқақұлы, Шакиров Ғалымжан Иманайұлы, Усайнов Нүркен Манатұлы есімді тәжірибелі анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер қызмет көрсетуде.
Құрметті анестезиологтар мен реаниматологтар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге кәсіби жетістіктер мен жаңа табыстар тілейміз!