ӘЙЕЛДЕР САУЛЫҒЫНЫҢ САҚШЫСЫ
15 шілде – Халықаралық гинекологтар күні
Құрметті көпбейінді облыстық ауруханасының гинеколог дәрігерлері!
Сіздерді 15 шілде – Халықаралық гинекологтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әйел денсаулығын сақтау – бұл тек медицина саласындағы маңызды міндет қана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның болашағына деген жауапкершілік. Сіздердің біліктіліктеріңіз, мейірім мен жан жылуыңыз мыңдаған әйелдерге денсаулық пен үміт сыйлап келеді.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жаңа өмірлер дүниеге келіп, аналар аман-есен сәбилерін бауырына басып жатыр. Бұл – баға жетпес еңбек, жоғары құрметке лайық қызмет.
Осы кәсіби мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасы амандығы мен қызметте толағай табыстар тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігі үшін жарқырай берсін







