"АШЫҚ ЕСIК" КҮНIНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!

Сiздердi тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында өтетін «Дүниежүзілік демікпемен күрес күніне» орай ашық есік күніне шақырамыз.

Ашық есік күніне Алматы қаласы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аллергология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Испаева Жанат Бахытқызы және басқа да аллерголог дәрігерлер қатысады.

Ашық есік күнінде демікпемен ауыратын науқастарға кеңес беру бөлімінде аллергологтар кеңес береді.

Уақыты: 8 шілде, сағат: 10:00 – 12:00 аралығында

Өтетін орны: Н.Назарбаев даңғылы 72, Көпбейінді облыстық аурухананың кеңес беру диагностика бөлімшесі (ғимараттың оң жағы)