Аса кауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу» атты семинар өтті
Бүгін Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында «Аса кауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында көшпелі семинар өтті. Іс-шарада Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Балғабаева Айнаш Қалдыбекқызы «КҚГҚ клиникасы, дифференциалдық диагностикасы, зертханалық зертеулері, емі және науқастарға көмек көрсету немесе күту кезіндегі сақтық шаралар», сондай-ақ ҚР ДСМ ҚҚСЭҚБ бас маманы, эпидемиологы Назарбаева Мира Ерболатқызы «Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы облыс және қала көлемінде атқарылып жатқан шаралар, тіркелгендер саны, өлім көрсеткіштері және ҚҚГҚ ауруының алғашқы белгілері, диагностикасы, жұғу жолдары, шұғыл хабарлама беру, науқастарға көмек көрсету кезінде және науқасты күту кезіндегі індеттке қарсы шаралар, сақтық шаралары» және АКИ ОИМ зертхана дәрігері Кыштанова Анар Айқадықова «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының зертханалық зертеулерге сынамалар алу, сақтау, тасымалдау ережелері және сақтық шаралары» тақырыбында баяндамалар жасады.







