​АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫНАЙЫ РИЗАШЫЛЫҚ СӘТІ

Халықаралық мейіргерлер күні апталығы аясында көпбейінді облыстық ауруханасында ерекше маңызы зор шара — «Алғыс қабырғасының» ашылуы ұйымдастырылды.

Бұл игі бастама пациенттер мен олардың жақындарына өз алғыстарын ақ халатты абзал жандарға тікелей жеткізуге мүмкіндік берді. Қабырғаға жазылған әрбір жүрекжарды сөз — дәрігерлер мен мейіргерлердің тынымсыз еңбегіне деген халықтың шынайы ризашылығы мен құрметінің белгісі болды.

Пациенттер өз алғыстарында дәрігерлердің кәсібилігін, мейіргерлердің мейірімділігі мен қамқорлығын, сондай-ақ аурухана қызметкерлерінің жауапкершілігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті. Осындай жылы лебіздер — медицина саласында еңбек етіп жүрген жандарға үлкен рухани қолдау.

Бұл шара — тек алғыс айту сәті ғана емес, сонымен қатар медицина қызметкерлері мен пациенттер арасындағы сенім мен сыйластықты одан әрі нығайтатын маңызды бастама.

Адам өмірі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша ақ халатты абзал жандарға алғысымыз шексіз!

#kzoМейіргерKZ #NursePrideKZ #МейіргерKZ #NurseKZ