Ақ халатты абзал жан: Қалжан Эльмира Ғалымқызымен таныс болыңыздар!
Эльмира Ғалымқызы – Көпбейінді облыстық аурухананың Реабилитация №1 бөлімшесінің невропатолог дәрігері.
Эльмира Ғалымқызы – кәсіби білімін үздіксіз жетілдіріп келе жатқан жас маман. Ол 2017 жылы «Астана» медицина университетінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, 2019 жылы осы оқу орнын тәмамдап, дәрігер біліктілігін иеленді.
2025 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Неврология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша резидентураны аяқтап, ересектер мен балаларға мамандандырылған невропатолог дәрігері біліктілігін алды.
2025 жылдың 7 тамызынан бастап №428-Ж бұйрығына сәйкес Көпбейінді облыстық аурухананың ұжымына қосылып, Реабилитация №1 бөлімшесінде қызмет атқаруда.
Эльмира Ғалымқызы жүйке жүйесі аурулары бар науқастарды диагностикалау, емдеу және оңалту бағытында қызмет көрсетіп, әрбір пациенттің сауығуына жауапкершілікпен қарайды. Білімі мен кәсіби ізденісін тәжірибемен ұштастыра отырып, сапалы медициналық көмек көрсетуге ұмтылады.
Пациенттердің денсаулығы жолындағы еңбегіне сәттілік тілейміз!







