Ақ халатты абзал жан
Адам денсаулығын сақтауда кәсіби білім мен жанашырлықтың орны ерекше. Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген мамандарымыздың бірі – Көпбейінді облыстық аурухананың ревматология бөлімшесінің невропатолог дәрігері, жас маман Әбішев Нұрбек Нұрланұлы.
Нұрбек Нұрланұлы 2015 жылы Қазақстан-Ресей медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша тәмамдап, «Медицина» бакалавры дәрежесін алды. 2017 жылы осы оқу орнын аяқтап, дәрігер біліктілігін иеленді.
2025 жылы Қазақстан-Ресей медицина университетінде «Неврология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша резидентураны сәтті аяқтап, ересектер және балалар невропатолог дәрігері біліктілігін алды.
2025 жылдың тамыз айынан бастап Көпбейінді облыстық аурухананың ревматология бөлімшесінде невропатолог дәрігері ретінде еңбек етіп келеді. Ол жас болса да кәсіби білімін тәжірибемен ұштастырып, әрбір пациентке мұқият қарап, сапалы медициналық көмек көрсетуге бар күш-жігерін жұмсайды.
Әріптесімізге жауапты қызметінде толайым табыс, кәсіби биіктерді бағындыруына, мықты денсаулық пен сарқылмас жігер тілейміз. Еңбегіңіз әрдайым ел алғысына бөленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!







