​АПТА БОЙЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Көпбейінді облыстық ауруханада Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы жүкті және босанған әйелдерге көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіруге арналған Жол картасының орындалуы және ана өлімінің алдын-алу, мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті.

Онда «Акушериядағы гемодинамикалық бұзылыстар, инотпропты қолдау» және «Акушериядағы экстрагенитальді аурулар» тақырыбында «Акушерия, гинекология және перинатология ғылымы орталығының профессорлары Е.М.МейірбековпенМ.М.Нартаева апта бойы семинар өткізді.

Семинар аясында мамандар тақырыптарды талқылап, ауруханада реанимациялар бөлімінде жатқан барлық науқастарды қарап, емдеріне қосымша кеңес берді.