​АНА СҮТІМЕН ЕМІЗУДЕГІ ЖЕТІСТІКТІҢ ОН ҚАДАМЫ

1-7 тамыз - «Дүниежүзілік ана сүтімен емізу» апталығы

1 Қадам: Емізу практикасына қатысты жазбаша түрде жазылған саясат болуы және оны үнемі медициналық мекеменің барлық қызметкерлеріне жеткізу.

2 Қадам: Барлық медициналық қызметкерлерді осы саясатты жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларға үйрету.

3 Қадам: Барлық жүкті әйелдерді емшек сүтімен емізудің артықшылықтары мен әдістері туралы ақпараттандыру.

4 Қадам: Аналарға босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағат ішінде

емізуді бастауға көмектесу.

5 Қадам: Аналарға нәрестелерінен бөлек болған жағдайда да, қалай емізу керектігін және лактацияны қалай сақтау керектігін көрсету.

6 Қадам: Медициналық көрсетілімдерден басқа нәрестелерге емшек сүтінен басқа тамақ немесе сусын бермеу.

7 Қадам: Ана мен баланың бір палатада тәулігіне 24 сағат тәулік бойы бірге болуын тәжірибеге енгізу.

8 Қадам: Кесте бойынша емес, баланың талабы бойынша емізуге

ынталандыру.

9 Қадам: Емшек сүтімен қоректенетін нәрестелерге кеудеге еліктейтін

немесе тыныштандыратын жасанды құралдар бермеу.

10 Қадам: "Аналарға қолдау көрсету топтарын" құруды ынталандыру

және аналарды ауруханадан шыққаннан кейін, сенімділік пен ұзақ

уақыт емізу үшін осы топтарға бағыттау.

Қосназарова Фатима Алиаскарқызы, Акушерлік бөлімінің акушер гинекологі.